{metadescription}
Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды
Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды

Жел ұшырған жабынды үшін Әлихан Бөкейхан жауапқа тартылды. Қарағандыдағы ойын алаңында болған оқыс оқиғадан кейін Алаш көсемінің есімін арқалаған аудан әкімінің орынбасары қызметінен қуылды.

Дүлей жел жасанды көгалды жұлып әкеткенде, екі бала жарақат алған болатын.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Өткен аптада төтенше жағдай болды. Ересек адамдардың салғырттығынан екі бала зардап шекті. Қарағанды қаласының әкіміне осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейханды қызметінен босатуды тапсырамын. Мен бәріне бірнеше рет ескерттім және әр жолы айтып келемін: егер ойын алаңдарын жөндеу керек болса, ең алдымен жұмыстың қауіпсіздігін ойлау керек.

мердігердің салғырттығынан шенеунік жылы орнымен қош айтысты. Атқамінер жұмысты бақылауда ұстай алмағаны үшін қызметінен шеттетіліп отыр.

Жабынды төсеуші кәсіпкер де жауапқа тартылуы мүмкін. Өйткені оның әрекетіне қатысты құқықтық баға беру жайы қарастырылуда.

Бір апта бұрын кенеттен басталған дүлей жел балалар алаңқайындағы жабындыны үстіндегі балаларымен қоса көтеріп әкетіп, төңкеріп тастаған. Қаңбақша ұшқан 8 бен 9 жастағы екі жеткіншек оңбай жарақат алған еді. Кішісінің басына зақым келіп иығы сынса, екіншісінің миы шайқалып, денесі сырылған. Ал мердігер бұл жерде балалардың ойнауына рұқсат етілмегенін айтып ақталған болатын. Себебі, жасанды көгал «әлі дайын емес» деп түсіндірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.