Атырауда қожайыны итін айтақтатып, бірнеше адамды қаптырған
Атырауда бірнеше адамды қабаған ит талап тастады. Азулы жануарын көшеге ертіп шыққан азамат, итін арлы-берлі өткен тұрғындарға қарата айтақтаған.
Автор: Жанат Молдашова
26.06.2023
Оқиға «Авангард» ықшамауданында болды. Түнгі серуенге шыққан екі адамға Стаффорд тұқымдас ит жетектеген біреу кездесіпті. Ол үй жануарын тұрғындарға айтақтап, босатып жіберген. Қабаған ит 31 жастағы жігіттің қолын жарақаттады. Тұрғындар дереу тәртіп сақшыларын шақырғанда ,иесі оқиға орынан келген полицейлерге де итін қарсы қойып, бір тәртіп сақшысы бетін жарақаттады.
Қазір иттің иесіне қатысты билік өкілін қорқыту және күш қолдану әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
- Күдікті сол күні медициналық диспансердің сараптамалық нәтижесі бойынша мас күйде екені анықталды. Және де оның иті полицияның кинология қызметінде ұстауда тұр. Күдіктінің өзінен тергеушілер жауап алып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!