{metadescription}
0:000:00
Жағдайы бар адам құрбан шалады, ал жағдайы жоқтар ...

Жағдайы бар адам құрбан шалады, ал жағдайы жоқтар ...

Ертең, 27 маусым — Арапа күні, ал 28 масымда қасиетті Құрбан айт басталады. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аталмыш ұлық мейрамды атап өту тәртібін еске салды.

Құрбан айт күндері жасалатын игі істердің ең абзалы құрбан шалу. Оның уақыты сәрсенбі айт намазы оқылған соң басталып, 30 маусымда кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Аталған уақыттан тыс құрбан шалуға, ерте және кешігіп те қалуға болмайды. Құрбандық шалуға ниеттенген кісі малды өзі соя алмаса, арнайы қасапшының көмегіне жүгіне алады. Қой мен ешкі бір адамның атынан, ал түйе мен ірі қараны жеті адам бірігіп шалса болады.

Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматында өткізіледі. Амалды қашықтан өткізуге  qurban2023.kz сайты да іске қосылған. Яғни кез келген адам «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық акциясына қатыса алады.

Батыржан Мансұров, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі:

- Жағдайы бар адам ғана құрбандық шалады. Ал енді жағдайы жоқ адам қарызданып құрбандық шалуы міндет емес. Алайда осы күндері құрбандықтың сауабынан құр қалмайын, мен де құрбан шалайын деген мақсатта қарыз алуына болды. Бірақ өзінің жағдайы келетін шамада болу керек. Құрбан шалудағы мақсат   қан ағызу. Оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Өйткені садақа ретінде құрбан қаражаты жүрмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде