{metadescription}
Үкімет басшысы жылу маусымына көңілі толмай, нақты бес тапсырма берді
Үкімет басшысы жылу маусымына көңілі толмай, нақты бес тапсырма берді

Үкімет басшысы жылу маусымына көңілі толмай, нақты бес тапсырма берді

«Жұмыс бағасы жылу маусымына дайындықпен өлшенеді». Жауапты министрлер мен әкімдерге Үкімет басшысы бүгін осылай деді. Дайындалу жұмысына әзірге премьер-министрдің мүлдем көңілі толмаған. 

Сондықтан ескерту де енді қайта-қайта жасала бермеуі мүмкін. Қақаған қыста қалтырап шыққан былтырғы «Екібастұз бен Риддердегі жағдай қайталанбасын» деген Смайылов тиісті ведомство басшыларына шұғыл тапсырмалар жүктеді.

Шенеуніктер қысқа тыңғылықты дайындалу керек деп, іске ертерек қамданды. Мәселенің биыл парламент пен Үкіметте көтеріліп жатқаны бірінші рет емес. Алайда күн тәртібінен түспейтін, "жауыр" тақырып қанша ортаға тасталғанмен, «қыстың қамын жаз ойла» дегенді ескермейтін мекемелер тықыр таянғанда қыбырлайтыны бар. Жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталмаса, Риддер, Екібастұз, Жезқазған, Кентау мен Маңғыстау және Теміртау халқы жылусыз қалуы әбден мүмкін. Бұл аймақтарда жылу желілері мен жабдықтар 90 пайыз ескірген. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Риддерге мен шілденің басында барамын. Ертең мен СҚО-да боламын. Кесте бойынша өңірлердегі жағдайды өз көзіммен көремін. Нысандарды тәуекел дәрежесіне қарай таңдадық. Мәселен, Екібастұзға сапар тамызға жоспарланған. Себебі біздегі бар мәлімет бойынша онда жөндеу өз ретімен жүріп жатыр. Бізге жөндеу жұмыстарын қарашаға дейін аяқтау маңызды.

Яғни қарашаға дейін қарашаның бар уайымы – жылыту маусымы. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «»алаңдауға негіз жоқ, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер алдағы жылыту кезеңіне қызу дайындық үстінде» деді. Барлық аймақта жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 89 қаланың 30-ында жұмыс аяқталыпты. Жалпы жыл соңына дейін 500 шақырымнан астам жылу желілерін жөндеуден өткізу жоспарланған.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Сегіз қалада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жоқ. Тоғыз қалада бұл жұмыс талап етілмейді. 21 қалада техникалық тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. 14 қалада конкурс рәсімі өткізілуде. Жеті қала бойынша техникалық тексеруді жүргізу бойынша жұмыс  басталған жоқ. Ол: Семей, Курчатов, Өскемен, Риддер, Жаркент, Жаңаөзен, Алматы.   

Министрлер мен облыс әкімдерінің баяндамасын тыңдаған премьер Смайылов қысқа дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынға алып, кабинетте отырмай, тәулік бойы жұмыс істеуге шақырды. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Құрылыс маусымы өте қысқа. Қазірдің өзінде әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысынан бірқатар кемшілік табылған. 

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Мысалы, Атырау жылу орталығында турбина жөндеу жұмысы басталған жоқ. Мерзімнің бұзылуы  60 күнді құрап отыр. Рудный жылу орталығында да осындай жағдай. 45 күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Теміртау қаласының ГРЭСіндегі қазандықты жөндеу жоспардан мүлдем алынып тасталған. Айта берсек мұндай мысал көп. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Энергия объектілері иелерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Олардың алдына қатаң түрде қарсы міндет қою керек.

Күрделі мәселені шешуге Үкімет басшысы нақты бес тапсырма берді. Энергетика мен индустрия министрліктері өңір әкімдерімен бірлесіп, жылыту маусымына толық дайындықты қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ премьер-министр жобаларды іске асыруға бюджет қаражатын бөлу кезінде бюрократияға жол берілмеуі керегін атап өтті. Ал өңір әкімдері жылыту маусымына дайындық жөніндегі өңір штабтарының жұмысын түгел қайта қарауы қажет. Жаз біткенше жағдай жақсармаса, жауапты адамдарға қатысты кадрлық шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде