Депутат сауалы: Оқу жылының ортасында мектебін неге ауыстыра алмайды
Оқу жылының ортасында мектепті неге ауыстыра алмайды? Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бүгін осы сауалға жауап іздеді. Негізі мұндай норманы екі жыл бұрын оқу ағарту министрлігі енгізген.
Автор: Айжан Шамшидин
27.06.2023
Мәжілісменнің пікірінше, бұл адам құқығын шектеу. Егер білім ордасында қатарластарынан теперіш көрсе немесе басқа да жағдай болса, оқушы кез келген уақытта басқа мектепке ауысуына мүмкіндігі болуы керек деп санайды Смирнова. Мектеп табалдырын аттайтын бүлдіршіндердің 1 тамыздан кейін құжат тапсыра алмайтыны тағы бар. Түрлі себеппен сәл кешіксе, бала келесі оқу жылына қалып жатады. Бұл да ақылға қонымсыз ереже деп отыр депутат.
Ирина Смирнова Мәжіліс депутаты:
- Екі жыл бұрын оқу ағарту министрлігі заң шығарды. Онда еліміздің Конституциясына қайшы келетін тұстар бар. Мәселен, бірінші сынып табалдырығын аттайтын оқушы құжаттарын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында тапсыру керек. Ал егер одан кешіксе, мектепке бара алмай қала ма? Оқу жылының ортасында мектебін ауыстырамын деген оқушыларға да кедергі көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!