{metadescription}
Еуразиялық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлікті заңдастыруды талап етуде – Атырау
Еуразиялық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлікті заңдастыруды талап етуде – Атырау

Еуразиялық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлікті заңдастыруды талап етуде – Атырау

Атырауда шетел көлігін жүргізушілер шу шығарды. Олар Еуразиялық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көліктерді де заңдастыруды талап етіп отыр. «215 мың теңге төлеп, көлігімізді тіркеуге қойып берсін» - дейді олар. 

Салауат Көлбаев:

- Заңдастыру уақытын ұзартып, бізге сақтандыру полисін беруді талап етеміз. Бір талап сол.  Уақыт шектеулі дейді. Уақыт  шектеулі емес. Уақытты ұзартуға болады. Мында қаншама жігіт осы көлікпен балашағасын асырап жүр. Сондықтан билік басындағыларға, әкімдерге талабымыз – шетел көліктерін заңдастыру және сақтандыру полисін ұзартып беру.  

Жиналғандар шетел көлігін заңдастыру науқаны бәрін қамтымады, жеңілдік барлық көлік иесіне жасалсын дейді. Әрі Атыраудағы техниканы рәсімдеу ақысы да өзге өңірлерден едәуір қымбат деген пікірде. Алайда наразы топтың уәжін тыңдауға келген келген құзырлы орган өкілдері жүргізушілердің кейбір талабы орынсыз деп отыр. Сондай-ақ Еуразиялық одаққа мүше елдерден келген көлік иелері 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсе, 5 жылға дейін емін-еркін жүре алады дейді. 

Жеңіс Дәулетов, Атырау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкері:

- Біз алдынан бері ескертіп жатырмыз ғой. 1 шілдеге дейін өтініш беріп тастаңыздар деп. 1 шілдеге дейін қаралады. Грузияға міндетті түрде мемлекет бажы төленеді. Сосын 1 қыркүйекке дейін кірген автокөліктер есепке қойылады. Қыркүйектен соң келгендер есепке қойылмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде