{metadescription}
АИ-95 бензині тағы қымбаттауы мүмкін
АИ-95 бензині тағы қымбаттауы мүмкін

АИ-95 бензині тағы қымбаттауы мүмкін

АИ-95 бензині жуырда тағы қымбаттауы мүмкін. Бұған бірінші кезекте жанармай қорының жеткіліксіздігі себеп дейді энергетика министрі.

«Бағаны қолдан ұстап тұра алмаймыз» деген Алмасадам Сәтқалиев, бензин құнының өсуін жазғы маусымда сапарға шығудың көбейгенімен де  байланыстырып отыр. Ал оны реттеуге министрліктің құзіреті жетпейді екен. Бірақ АИ-92 маркалы бензиннің бағасы тұрақты болып қалады деп сендірді энергетика министрі. Әзірге мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында 23 күнге жететін қор бар.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- АИ92 бойынша еш қауіп жоқ. Ал АИ-95 маркалы жанармайдың бағасы көтерілуі мүмкін, бірақ бұны реттеуге қауқарымыз жоқ. Өйткені жазғы маусымда, әсіресе курорты бар аймақтарға сапар екі есе көбейеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде