{metadescription}
Ақтауда пара бермекші болған 26 балабақшаның меңгерушісі жазаға тартылды
Ақтауда пара бермекші болған 26 балабақшаның меңгерушісі жазаға тартылды

Ақтауда пара бермекші болған 26 балабақшаның меңгерушісі жазаға тартылды

Торт сыйлаймыз деп айыппұл арқалады. Ақтаудағы жекеменшік 26 балабақшаның меңгерушісі әкімшілік жазаға тартылды. Олар мың теңгеден жинап, қаланың білім бөлімі басшысына 40 мың теңгелік сертификат пен тәтті торт сыйлапты.

Алайда білім бөлімінің басшысы «директорлар маған пара ұсынып жатыр» деп антикорға арыз жазған. Сондықтан құзырлы орган өкілдері лауазымды тұлғаға сыйлық беруге әрекеттенді деп, 25 балабақшаның директорына 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салды. Олардың әрқайсысы енді 345 мың теңгеден төлеуге тиіс. Ал сыйлық жасағанның айыбы жоқ деп, кінәсін мойындамаған бір басшы 483 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Біржан Хайруллин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабымен 26 жекеменшік балабақша директорларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, жалпы көлемі 10 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды. Осы орайда жеке тұлғалар тарапынан мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға сыйлық беруге болмайтынын назарларыңызға тағы да жеткіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде