Семейдегі орман өртіне жиналған ақша шенеуніктерді тығырыққа тіреді
400 миллион теңгені жарататын жер таппай отыр. Абай облысындағы алапат өртте халықтан жиналған ақша атқамінерлерді тығырыққа тіреді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
27.06.2023
Семей орманын жалын шарпығанда жұрт жылу ретінде жарты миллиард теңге аударған. Соның 100 миллион теңгесі қаза тапқан 15 адамның жерлеу рәсімі мен олардың отбасына берілген баспаналарға дүние-мүлік алуға жұмсалыпты.
Қазір Бородулиха ауданында баспанасы жанып кеткен екі тұрғынға үй салып беру қарастырылып жатыр. Алайда өрттен кейін құрылған арнайы комиссия артылған ақшаны қайда жұмсаймыз деп бас қатырып отыр. Егер қоғам қарсы болмаса, халық қаржысына орманшыларға дрондар алып бермек ниетте.
Қатият Мұсайынов, «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының өкілі:
- Қазір қалай шешілетінін білмейміз. Қор есебінен берілген баспаналардың ішін дүниемүлікке толтырдық. Енді Бородулиха ауданының әкімдігі тарапынан орман қызметкерлеріне дрон алып беруге өтініш түссе, оны қарастырамыз. Бастысы, қаржыны қадағалап отырған жұмыс тобы шешім шығарса болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!