{metadescription}
Ақтөбеден репортаж: Құрбан айтта қой саудасы қызып тұр
Ақтөбеден репортаж: Құрбан айтта қой саудасы қызып тұр

Ақтөбеден репортаж: Құрбан айтта қой саудасы қызып тұр

Биыл Құрбан айтта қой саудасы қызып тұр. Мүйізді ірі қараға қарағанда ұсақ малға сұраныс көп. Себебі, саудагерлер сиырдың өтпейтінін айтады. Еліміздің батыс өңірінде ұсақ малдың бағасы қатты қымбаттамаған. 

Жылда Айт мейрамы кезінде мал бағасы шарықтап кететін. «Биыл халықтың қалтасымен санасатын болдық» - дейді мал сатып тұрғандар.

Ақтөбе шетіндегі мал базарында ине шаншар орын жоқ. Базар орналасқан трассаның өзінде көлік кептелесін реттеу үшін жол сақшылары әбігерге түсіп жүр. Әдетте осы маңда бұлай көпшілік жиналмайтын.

Жұрт қой сататын алаңда қаптап жүр. Мүйізді ірі қара іздегендер некен-саяқ. Жылда айт кезінде мал құнын саудагерлер шарықтатып жіберетін еді. Биыл қымбаттатпапты. Тоқты 35-40 мыңнан, саулықты 50-70 мың теңгеге саудалап жатыр. Ірі ісек 85-100 мыңға дейін барады.

Теміржан Көшкінбаев:

- Қойдың бағасы 35-тен 50-60-қа дейін барады. Бірыңғай әкеліп жүрмін. Айт сайын әкеліп жатырмыз.  Баға қоспадым, былтырғы баға ғой. Айт мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, заманымыз тыныш болсын!

Базардағы қасапшылардың да Айтта айы оңынан туып тұр. Бір қойды соып бергеніне 8-10 мың теңге сұрайды. Ал малдың басын үйітіп берсе, қосымша мың теңге төлейсің. Дін өкілдері де қасапшылар қасынан кетпей, мал сойғандағы амал-шарттарды айтып жүр.

Мұхаммед Төлеуов, мешіт өкілі:

- Құрбандық шалғанда «Біссіміллә, Аллаһу акбар» деп айту керек. Маңыздысы, сосын қойдың көзін жауып барып, пышақты көрмеу керек. Сондай керек нәрсені есіне салып, айтып жатырмыз.

Бұрындары мешіт маңынан құрбан шалуға орын әзірленетін. Соңғы жылдары санитарлық талаптарға сай, оған тыйым салынған. Айтта құрбандық шалмақ болғандар үйінде отырып-ақ арнайы сайт арқылы тапсырыс беріп, ақшасын аудара алады. Мешіт өкілдері өзі мал сатып алып, өзі сойдырады. Бір апта бұрын мұқтаж отбасыларының тізімін де түзіп қойған.

Алмат Әли, «Нұр-ғасыр» орталық мешітінің наиб-имамы:

- Үш жүзге жуық онлайн мүмкіндігі шектеулі отбасылар өтінішін құрбан 2023 сайты бойынша қабылдадық. Және де бүгінгі күнде 60-қа жуық онлайн тапсырыс берушілер арқасында үш жүзге жуық отбасыны етпен қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар төрт ірі қара онлайн тапсырыс беріп жатыр.

Айтта мал шалу құдайдың разылығына берілетін садақа. Оны жағдайы жеткендер шалса болады. Дін өкілдері мал етін үшке бөлу міндетті деген шек жоғын айтады. Толайым мұқтаж жандарға да табыстауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.