{metadescription}
Алматы облысында қыруар қаржы бөлінген үш ауылда ауыз су жоқ
Алматы облысында қыруар қаржы бөлінген үш ауылда ауыз су жоқ

Алматы облысында қыруар қаржы бөлінген үш ауылда ауыз су жоқ

Мемлекеттен бөлінген миллиардтарды мандыта алмаған. Бар қаржының өзін жарата алмағандардың кесірінен Алматы облысында үш бірдей ауыл ауызсусыз отыр. Бұл елдімекендердің бәрінде жаңа құбыр тартылған.

Алайда бірінің жобасы дұрыс болмаса, екіншісінде құбыр жарылып, үшіншісінде мердігер бастаған ісін орта жалдан тастаған. Кеген ауданында бұған жарытып жауап беретін басшы да жоқ. Атқамінерлерге өкпесі қара қазандай тұрғындардың арызын КТК тілшісі тыңдап келді.

Кегеннен әрі қоныс тепкен, мал бағумен жанын баққан Ақтасты ауылы. Былтыр құбыр тартылып, қанша жылдан күпті болған көпшіліктің көңілі көкке жете жаздаған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Таза суы ақпай жатып ауық-ауық тоқтады. Аққан күннің өзінде сары су сорғалайтын болған.

Қайнар Әлиасқаров, Ақтасты ауылының тұрғыны:

- Қыстай ауылдың тең жартысында суу болмады. Көктемнен бері қарата ауылға мүлдем су кірмеді. Ішуге су таппадық. Екі күн ағады, он бес күн жоқ болады. Жасайды, бір екі күн ағады, тағы да жоқ болады. Сонымен созыласозыла осы уақытқа келген. Екі-үш күн болды, ағызып еді, суымыз лай боп жатыр. Ішуге жарамайды.

Жұлдыз Сапақова, Ақтасты ауылының тұрғыны:

- Қыстай ауылдың тең жартысында суу болмады. Көктемнен бері қарата ауылға мүлдем су кірмеді. Ішуге су таппадық. Екі күн ағады, он бес күн жоқ болады. Жасайды, бір екі күн ағады, тағы да жоқ болады. Сонымен созыласозыла осы уақытқа келген. Екі-үш күн болды, ағызып еді, суымыз лай боп жатыр. Ішуге жарамайды.

Ақтасты ауылына су жүргізуге мемлекеттен 214 миллион теңге бөлінген. Ауыл халқы әу баста Көксай бөктерінен су тартылуы тиіс болған дейді. Алайда аяқасты жоспары өзгерген мердігер сазды жерден бастауын шығаруды ұйғарыпты. Аумақ қоршалғанмен, іші астан-кестең. Қопарылған жерді тегістеген ешкім жоқ. Мал өлексесінен бастап, қоқысқа дейін судың бастауында шашылып жатыр. Тұрғындар бұған сол кездегі аудан әкімін кінәлайды. Соған қарамастан экс-әкімнің қызметі өсіп, облысқа ауысып кеткен.

- Міне, бізге Байеділов мырзаның істеп берген жақсылығы осы болды. Мынау деген халыққа деген қастандық қой, айналып келгенде. Мына малдың тезегі жатыр, міне. Осының бәрі жауынмен қосылып құдыққа кетіп жатыр. Өлексе жатыр, өздеріңіз көрдіңіздер. Өзі жоғарыға кетті ғой, облыстың бірнәрсесі боп кетті.

Ауыз судан тарыққан тұрғындар ауыл шетіндегі осы жерге келеді. Құдық тоқсаныншы жылдардан бері тұр. Адамға да, малға да тіршілік нәрінің жалғыз көзі әзірге осы жер болып тұр.

Ауданда содан бері әкім жоқ. Ашулы тұрғындардың алдына келген орынбасарлары «бұл жобаны жасаған авторды сотқа береміз» деп, әңгімені жылы жапқысы келді.

Ертай Нұрмаханов, Кеген ауданы әкімінің орынбасары:

- Сол кездегі автор солай жұмыс істеген. Біз қазір авторлық қадағалауды, автордың өзін, жобаны жасаған мердігерді сотқа беру мәселесіне жүгініп отырмыз. Мердігер өзі келеді, ұтып алған негізі. Жұмыс істейді, біздің айтқанымызша, бірақ бұл әлі кепілдемеде тұрғандықтан, міндетті түрде авторлық жобаны жасаған қадағалаудан рұқсат керек.

Түлкібұлаңға салған әкімдіктің жауабына көпшіліктің көңілі көншімеді. Ақтастыға қоңсылас Тасащы ауылында да осы тектес жағдай. Су мұнарасы қойылған. Құбыры тартылған. Алайда көп уақыт өтпей ақау шығып, құбыр жарылып, ауыл ауыз суыз қалған.

Күләш Алпысбаева, Тасащы ауылының тұрғыны:

- Кеген ауданынан айтып отыр, бізге өткізбеген. Қабылдаған жоқпыз, білмейміз, жүйесін де дейді. Асан деген жігіт басшысы болған, осы жерде су жүргізген. Суды тапсырмаған деп айтады. Оларға итермелеп аналар айтады. Осы үш жылдан асып кетті, біз бере алмаймыз деп. Сондықтан сұрарымыз, адал су ішейік, қандай сатып алсақ та, мейлі, қаражатын төлеп отырсақ та. Экология қандай екенін білесіздер. Бәрімізге денсаулық керек. 

Тасащыдан таяқ тастам жерде тұрған Сарыкөл де судан тарыққан. Осыдан жеті жыл бұрын жер астына құбыр жүргізген мердігер жұмысын бастап, артынан тастаған. Суатқа бас қойған жылқымен жағаласқан жұртшылық суын осы арнадан амалсыз алады. Есек арбасы барлардың бейнеті шамалы. Ал қалғаны жаяу-жалпы су көтеріп шапқылауға мәжбүр.

Кеген ауданы әкімдігі бір емес, үш ауылдың ауыз сусыз сарсаңға түскенін сәйкестікке баламайды. Бірін сотқа берсе, екіншісі ақауын жыл аяғына дейін қалпына келтіреді деп жағасын жайлауға жіберген. Екі арада ауыз сусыз алқымы қысылған ағайын жанайқайымыз жоғарыға жетіп, мәселе бір жақты бола ма деп үміттенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.