Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына 5 миллион берді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өзіне қол жұмсаған зілтемірші Владимир Седовтың отбасына 5 миллион теңге берді. 35 жастағы спортшының туыстарына көңіл айтқан Федерация өкілдері Владимирдің отбасына, туған-туысының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.06.2023
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы:
- Федерация ауыр атлеттер мен спорт ардагерлерін қолдау бағдарламасын әзірлеп халыққа ұсынды. Оның аясында мұқтаж жандарға қажет көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсетеді. Федерация биыл тартылған демеуші қаражатынан он миллион теңге бөледі. Осы күндері Владимирдің туыстары мен достарына қолдау білдірген баршаға алғыс білдіреміз.
Қазақстандық зілтемірші Владимир Седов 35 жасында өмірімен қош айтысқан болатын. Ауыр атлет өз үйінде асылып қалған. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің мұндай қадамға неге барғаны әзірге белгісіз. Спорт сарапшыларының пайымдауынша, осындай қиын сәтте жалғыз қалған Седов психологиялық көмекке зәру болып, өмірден баз кешкен.
Жалпы ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкерімен басы бір қазанға сыймаған еді. Спортшы ауыр атлетикадағы талай былықты жайып салып, ел алдында Алексей Ниді талай мәрте айыптаған. Сондай-ақ ол командаласы Илья Ильинмен де алысып, ол допинг күшімен ғана жеңіс тұғырынан көрініп жүр деген тосын мәлімдеме жасаған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!