{metadescription}
Көкшетау: Құрбан айтты балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітте тойлады
Көкшетау: Құрбан айтты балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітте тойлады

Көкшетау: Құрбан айтты балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітте тойлады

Көкшетаудағы Науан хазірет мешітінің имамдары Құрбан айт мерекесін балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге тойлады. Кішкентай меймандар имандылық үйінің қонағы болып, түрлі сыйлық алды.

Әділбек Асқарұлы, «Науан хазірет» мешітінің наиб имамы:

- Міне, бүгін барлық мешіттерде Құрбан айт намазы оқылды. Халыққа қаншама қызмет көрсетіліп жатыр. Осы бүлдіршіндерге арнайы мейрамды сездіртіп, Құрбан айттың келгенін білдірту мақсатында бүлдіршіндерді осы мешітімізге шақырдық.

Көкшетаудан 70 шақырым жердегі Саумалкөл кентінде орналасқан «Өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды қолдау» орталығынан 20 бала мешітке арнайы шақыртылды. Оларға дін қызметкерлері кең дастарқан жайып, керемет көңіл күй сыйлады. Жеткіншектерге тәлім-тәрбие, адами қадір-қасиет жайлы әңгіме айтып, арнайы сыйлықтар үлестірді.

Фариза Тұрарбек, Айыртау балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Бүгін біз керемет үлкен мешітке келдік. Бұл жақта ағалар мейірімді,жақсы екен. Олар бізге сыйлықтар берді. Біз оларға рақмет айттық. Құрбан айт құтты болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде