{metadescription}
2 ақпан қазақ баспасөзінің күні болып бекітіледі
2 ақпан қазақ баспасөзінің күні болып бекітіледі

2 ақпан қазақ баспасөзінің күні болып бекітіледі

2 ақпан қазақ баспасөзінің күні болып бекітіледі. Бұл туралы Астанада БАҚ қызметкерлері күніне орайластырылған «Қазақ журналистикасы: өткені мен бүгіні» атты көрмеде айтылды.

Дәл осы күннің таңдалуы кездейсоқ емес. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ең алғашқы газет апталық басылым ретінде 1913 жылы 2 ақпан күні шыққанын еске салды. 

Ардагер журналистер мен БАҚ саласының қазіргі буыны қатысқан шара үш бөлімнен тұрды. Көрермендер назарына XIX ғасырдың II жартысынан басталатын қазақ баспасөзінің тарихы, қазақ радиосының дамуы мен ұлттық телевизияның жетістіктері жайында ақпарат ұсынылды. Көне жәдігерлер, тарихи құжаттар, құнды қолжазбалар, баспа машинасы, фотоаппарат пен бейнекамералар қойылды. Сол арқылы ұйымдастырушылар сонау «Дала уәлаятынан», «Серкеден», «Қазақ» газетінен Алаш қайраткерлерінен қалған баспасөзіміздің шежіресі осы музей арқылы көрініс табады деген сенімде. Баспасөзіміздің өткені болашағымызға жөн сілтейді. 28 маусымды мереке етіп белгілеуге атсалысқан қарымды қаламгерлер кейінгі толқынға үлкен жауапкершілік жүктелгенін, үдеден шығу үшін көп ізденуге шақырды.

Әлібек Асқаров, жазушы, журналист:

- Журналист деген бесаспап маман болу керек. Ол кезде біз іздейтінбіз. Ол оңай емес. Бір мақала жазу үшін, оның түбіне жету үшін жан-жақты болу үшін жатып кеп газеттерді ақтарып, кітапханадан шықпай іздейтінбіз. Смартфонға сеніп қалмаңдар. Сондағы ақпаратқа ғана сеніп қалмаңдар. Олар жалпылама, сүттің бетіндегі қаймағындай ғана ақпарат береді. Оны тереңінен түсіндіре алмайды. Сондықтан мүмкіндігінше кітап оқу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде