Құрбан айтта Астанада бірден 10 жұп су үстінде некесін қиды
Елордада бірден 10 жұп шаңырақ көтеруге мүмкіндік алды. Ғашықтар, әдеттегідей неке сарайында емес, су үстінде некесін қиды.
Автор: Мерей Қалиасқар
28.06.2023
Жас жұбайларға катердегі некеге тұру салтанатты рәсімі Астананың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған. Ерекше сәтке жастардың туыстары мен достары тілек білдіріп, жаңа өмір бастағалы тұрған ғашықтарға ақсақалдар да батасын берді.
Бұл есте қаларлық шараның жыл сайын қала күні қарсаңында өтуі дәстүрге айналған. 25 жыл ішінде елордада 200 мыңнан астам неке қиылып, 420 мың сәби дүниеге келіпті. Жас жұбайлар Үсен мен Гүлнәр Мұсайбек жағалауға алғашқылардың бірі болып келіп, алған әсерімен бөлісті.
- Біз Egov арқылы некеге тұруға өтініш бердік. Артынша Байқоныр ауданынан SMS хабарлама келді. Салтанатты некеге тіркеу рәсімі ұсынылғанда, біз қос қолдап, қуана келістік. Біз некемізді су үстінде тіркеуге және куәлік алғанымызға қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!