Қазгидромет: Шілдеде шіліңгір ыстық басталады
Шілденің алғашқы күндерінен-ақ шіліңгір ыстық басталады. Қазгидромет еліміздің барлық өңірінде жаздың екінші айында жауын-шашын аз түсетінін болжап отыр.
Автор: Толғанай Қажығұмарова
28.06.2023
Жазы жайлы Шығыс Қазақстан облысының өзінде сынап бағамы 35 градусқа дейін көтеріледі. Шілденің алғашқы күндері елдің тек батысында ғана бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Ал солтүстік пен орталықта күн ашық болады деп болжануда. Мәселен, теріскейде ауа температурасы +30 градусқа дейін, орталықта +35, оңтүстікте +38 градусқа дейін жетеді.
Ал Қызылорда мен аграрлы өңір Қостанай облысында шілдеде қуаңшылық күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!