{metadescription}
Кентауда дәмхана асынан уланғандар саны 92-ге жетті
Кентауда дәмхана асынан уланғандар саны 92-ге жетті

Кентауда дәмхана асынан уланғандар саны 92-ге жетті

Түркістан облысында астан уланғандардың саны 92 адамға жетті. Кентау қаласындағы дәмханадан қуырылған тауық, пицца мен суши жегендер үш күннен бері жаппай ауруханаға жеткізіліп жатыр. 

Астан ұшынғандардың бәрі «Ризық рауаны» деп аталатын фастфуд орталығында тамақтанған. Денсаулығы сыр бергендердің жартысынан көбі  — балалар. Қызуы көтеріліп, іші өтіп жатқандардың арасында жүкті әйелдер де бар. Дәмханадан былтыр да тұрғындар жаппай уланған. Сол кезде салғырттық танытқан шенеуніктер бұл жолы тамақтану орталығын жабуға шындап кіріскен сияқты. Себебі, тазалық талабы сақталмаған орталыққа облыс әкімінің өзі шүйлігіп отыр.

Кентаудағы ең танымал фастфуд орталығы бірнеше күннен бері жабық тұр. Өйткені апта басынан бері бұл жерден тапсырыс берген тұрғындар жаппай ауруханаға түсіп жатыр. Бүгінге дейін тез дайындалатын суши, пицца мен қуырылған тауық етін жеген 92 адам астан уланған. Ауруханаға 67 адам түссе, соның 40-қы кәмелетке толмаған балалар. Арасында тағы үш жүкті келіншек бар.

Асылбек Өтебаев, Кентау орталық ауруханасының бас дәрігері:

- Барлығының жағдайы орташа дәрежеде ауыр. Біршама жақсарғандарын ертеңнен бастап ауруханадан шығара бастаймыз. Амбулаториялық емге 25 науқас жіберілді. Бәрі аймақтағы дәрігерлерге тапсырылып, қатаң бақылауда болады.

Көшеден тамақ жегендердің қызуы көтеріліп, іші ауырып, лоқсыған. Көпшілігі қуырылған тауық етіне тапсырыс берген. Тамақтанып болған соң бірден жайсыз сезініп, фастфуд дәмінен бұзылғанын байқамадық дейді.

Қуанышбек Уытов:

- Одан басқа ештеңе жеген жоқпыз. Күніге үйдің тамағын жеп жүрдік. Тап сол кезде балам «чикен» жеймін деген соң, ала салғанбыз. Менің досым да, үйінде алты адам сол тамақты жеген. Алтауы да емделіп жатыр. Суши, пицца, чикен.

92 адам астан ұшынған дәмхана есігіне құлып салынды. «Рауан ризығы» деп аталатын орталықтан былтыр да тұрғындар жаппай уланған.

Бұл фастфуд орталығында жаппай улану осымен үшінші мәрте қайталанып отыр. Былтыр тамыз айында сегіз адам, тағы екі айдан кейін 168 адам астан уланған. Ол кезде дәмхана қожайыны біріншісінде 800 мың теңгеге жуық айыппұл төлесе, екіншісінде жәбірленушілермен келісіп құтылған. Жаманаты әбден шыққан мекеменің есігі қазір тарс жабық.

Былтырғы жағдайдан кейін тексеру жүргізген санитарлық дәрігерлер фастфуд орталығының құжаттары мен тағам әзірлейтін азық-түліктерінен біраз былық тапқан. Әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдағанымен, кәсіпкер жазадан жеңіл құтылып кетіпті. Содан бері бір жыл өтсе де, дәмхана қожайыны былтырғы жағдайдан сабақ алмаған. 

Асқар Ысқақов, Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Чикен пісіреді, басқа өнімдердің ішінде мерзімі өткені де бар. Былтыр да анықталған, биыл да анықтап жатырмыз. Қай жерден азық алғаны туралы, шикізаттың ешқандай сертификаты жоқ, ешқандай шотфактура жоқ, әр жерден бір алған, оны анализ алғанда да байқадық. Төрт фирманың тауары тұр. Ол қай жерден, қай базардан әкелгені белгісіз. Осындай жағдай көп болып жатыр.

Қазір фастфуд орталығындағы тамақ қалдықтарынан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Бұл істі облыс әкімі жеке қадағалауалып, прокуратура, полиция департаменті мен антикордың тергеушілерінен құралған ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Әзірге ҚР ҚК бір бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліпп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде