{metadescription}
Жалған ақпарат таратқан блогер айыппұл төлейді
Жалған ақпарат таратқан блогер айыппұл төлейді

Жалған ақпарат таратқан блогер айыппұл төлейді

Блогерлер жалған ақпарат таратса, айыппұл арқалайды. Сенаттың бүгінгі қорытынды отырысында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң жобасы да мақұлданды.

Құжатқа онлайн-платформаны пайдаланушы және инфлюенсер, яғни блогер анықтамаларымен қоса, өзге де терминдер енгізілген.

Заң  —  балаларды әлеуметтік желілердегі жалған ақпарат, бақылаусыз жарнама мен буллингтен қорғауды күшейтуге бағытталған. Онлайн-платформаларда жалған ақпарат таратуға және жариялауға тыйым салу, сонымен қатар онлайн-платформаның меншік иесіне оны жою бойынша бірқатар талап енгізілген. Пайдаланушылардың міндеттері мен осы саладағы уәкілетті органның құзыреті де бекітілді.

Төменгі палатадағы әріптестері бастамашы болған заң жобасы әлеуметтік желіде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді  деп сенеді сенаторлар.

Айгүл Қапбарова. Сенат депутаты:

- Ең бірінші қойылып отырған мәселе  —  жалған ақпарат таратпау. Яғни жалған ақпарат таратқан жағдайда, өзінің алдымен ескерту мәселесі бар. Ескертіледі, одан кейін әкімшілік жауапкершілігі де бар. Айыппұл алуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе бәрімізді құқық сақтауға, ҚР заңдарын сақтауға, әлеуметтік желі пайдаланушыларды белгілі бір құқықтық мәдениетке жетелейді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.