{metadescription}
Каспийде итбалықтар жазда да қырылып жатыр
Каспийде итбалықтар жазда да қырылып жатыр

Каспийде итбалықтар жазда да қырылып жатыр

Каспийде тағы да итбалықтар қырылып жатыр. Жағалауға шығып қалған өлекселерді демалушылар көрген.

Куәгерлердің айтуынша, өлі итбалықтар теңіз толқынымен жағаға шығып қалған. Өлекселер әбден жұлмаланған. Теңіз жануарларының жаппай қырылуы соңғы кезде жиі тіркеле бастады. Осыдан бір ай бұрын Баутино ауылы аумағынан да оннан аса итбалықтар өлексесі табылған.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысындағы жағалаулардан 350-ге жуық өлі итбалық анықталды. Сол кезде мамандар теңізде тіршілік ететіндер қысқы суыққа шыдамай қырылып қалды деп ақталған. Ал жазда неліктен қырылып жатқанын ешкім айта алмай отыр.

Жазира Сыдықова, Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері:

- Итбалықтардың неден қырылғанын қазір айту қиын. Ең алдымен өлекседен сынама алу керек. Бірақ видеодан байқағанымыздай, итбалықтың денесі зерттеуге келмейтін тәрізді, шіріп кеткен. Қазір біздің институт итбалыққа мониторинг жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде