{metadescription}
Құрбан айтта тәттіге таласқан жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады  — Атырау
Құрбан айтта тәттіге таласқан жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады  — Атырау

Құрбан айтта тәттіге таласқан жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады — Атырау

Атырауда Құрбан айт мерекесіне жиналған жұрт бірін-бірі таптап кете жаздады. Тәттіге таласқан тұрғындардың оғаш әрекеті әлеуметтік желіге таралған.

«Менің балама бер» деп шыңғырған  әйелдің ащы дауысы көпшіліктің наразылығын туғызған. Сыйлықтар салынған қорапты басына көтеріп, тәттілерді бірінің қолынан бірі жұлып алуда. Бұл қанталапай Исатай мен Махамбет алаңында өткізілген Құрбан айт мерекесінде болған. Орталыққа 14 киіз үй тігіліп, балаларға мыңға жуық сыйлық таратылған. Соған таласқан жұрт бірін-бірі жұлып-жеуге дейін барды. «Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді шара ұйымдастырушылары.

Айша Кенжемұратова, Өңірлік коммуникация қызметінің өкілі:

- Атааналар арасында жанжал болды. Медицина қызметкерлері мен құқық қорғау орындарына түсіп,зардап шеккендер болған жоқ. Кезектің шектен тыс көбеюін бірден байқаған еріктілер киіз үйден шығып, сыйлықты алаңда тарата бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде