{metadescription}
Алматы-Бішкек жолында өзге көліктегі азаматпен ерегескен жігітке іс қозғалды
Алматы-Бішкек жолында өзге көліктегі азаматпен ерегескен жігітке іс қозғалды

Алматы-Бішкек жолында өзге көліктегі азаматпен ерегескен жігітке іс қозғалды

Әлеуметтік желіні шулатқан жүргізуші үш тәулікке қамалды. Алматы-Бішкек тас жолында өзге көліктің тізгініндегі азаматпен ерегескен 30 жастағы жігіт мәселенің мән-жайы анықталғанша, уақытша ұстау изоляторында отырады.

Өзінің көлігінің терезесінен қарғып шығады да, бөтен машинаның алдыңғы әйнегін теуіп сындырып, терезесін жұдырықпен шағады. Сөйтіп ашуын туғызған жүргізушінің жағасына жармасқанын бейнежазбадан анық көруге болады. Әйелінің жанұшыра "көліктегі баланы шошыттың" деген сөзіне де құлақ аспаған. Зардап шеккен азаматтың арызынан кейін қызуқанды жүргізуші бірден табылды. Оған қатысты  Қылмыстық және әкімшілік баппен іс қозғалған. Бұлтартпау шарасы ретінде үш күнге қамалып, сараптамалар тағайындалған. Ал оның көлігі Ұзынағаш ауылының айып тұрағына қойылды.  

Ернар Сәйділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Жеделіздестіруде полиция қызметкерлері 1993 жылғы К. есімді күдіктіні анықтап, ұстады. 29 маусымда жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалып, жол көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша К. есімді жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұзақылық дерегі бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тергеу ісшаралары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде