{metadescription}
Заңды некеге тұру мен ажырасу бағасы қымбаттайды
Заңды некеге тұру мен ажырасу бағасы қымбаттайды

Заңды некеге тұру мен ажырасу бағасы қымбаттайды

Елімізде заңды некеге тұру мен ажырасу бағасы қымбаттайды. Шілденің бірінен бастап баға 12 пайызға көтеріледі  —  некені тіркеу 425 теңгеге, ал оны бұзу 828 теңгеге өскен.

Бүгінге дейін жас жұбайлар өтініш беруге 3450 теңге жұмсаса, 1 шілдеден бастап 3874 теңге. Ал ажырасатындар 6900 теңгенің орнына 7728 теңге төлейді. Туу мен өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызы бар қызметтер тегін болып қала береді.

1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі Азаматтарға арналған үкіметке берілетін болады. Бірақ барлық рәсім бұрынғысынша АХАТ бөлімшесінде жүзеге асырыла береді. Базасы ауысқанымен, қызметтер түрі өзгермейді. Неке тіркеуге өтініш қабылдау, өңдеу, шешім шығару және нәтиже беру қала және аудан АХАТ органдарымен атқарылады.

Әсем Болатбекова, Алматы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекет корпорациясы филиалы директорының орынбасары:

- Неке тіркеудің салтанатты рәсімі АХАТ ғимаратында, жас жұбайлардың қалауымен өткізіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында салтанатты тіркеу жүргізілмейді. Бұл жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметке өтініш қабылдау және онымен дайын нәтиже беру қызметін орындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде