{metadescription}
100 миллион бөлінген Тораңғылық ауылы әлі сусыз отыр
100 миллион бөлінген Тораңғылық ауылы әлі сусыз отыр

100 миллион бөлінген Тораңғылық ауылы әлі сусыз отыр

Балқаш қаласының маңындағы Тораңғылық ауылының тұрғындары жергілікті әкімдікті прокуратура мен аудитор тексерсін деп талап қойды. Себебі, ауыз су жүргізуге бөлінген 100 миллион теңге желге ұшты дейді олар.

Мемлекеттің миллиондары жұмсалып құбыр тартылғанымен, су сол күйі ақпаған. Бірақ биліктегілер төселген құбырлар болашақта бәрібір іске жарайды деп бейқам отыр.

Тораңғылық тұрғындары ауылға су таситын көліктің келуін асыға күтеді. Жеті шақырым жердегі Балқаштан әкелінетін судың литрі 3 теңге. Ал көп мөлшерде су қоладантын қонақүйлер 5 теңгеден сатып алады. Кір қоңын жуып, бақша сурауға көлдің суы жарайды. Демалыс орындары суды қолда бар ыдыстың бәріне толтырып алуға тырысады.

Амангүл Әукебай:

- Қазір сусыз отырмыз. Су таситын көлік бұзылып жатыр. Екі күннің бірінде бұзылады. Халық 30 жыл бойыы сусыз отыр. Өмір сүруге талпынасың ғой. Бетіқолыңды жуа саласың, бітті. Қалаға барып жуындырып әкелеміз, ал оған жол да проблема болып тұр ғой. Бұл халықтың шыдағанына қаншама уақыт болды, құр уәдемен аузымызды жапты ғой, ана кезде.

Жағдай қыста қиындайды. Көктайғақ пен қарлы боранда су таситын көлік ауылға апталап келе аламайды. Тораңғылық ауыз судан қағылғанына 30 жылдай уақыт болды. Шенеуніктер бірнеше жыл бұрын ауылға су беруге әрекеттеніп те көрген.

Анастасия Агадуллина:

- Пластик құбырлар салды. Ауылдың астаңкестеңін шығарып қазды да, құбырларды төсеп, көміп кетті. Бітті. Құбыр көлге шықпайды. Тұрғын үйлерге де кіргізілген жоқ. 90 миллион теңгені көме салды. Сондықтан біз осы жұмысты құзырлы органдардың тексеруін талап етеміз

2017 жылы биліктегілер Балқаш көлінен су тартып, оны тұшытуға  тырысқан. Құрылғы орнатып, құбырларды сол үшін тартыпты. Бірақ тұрғындар көлден алынып, «сүзгіден өткен суды ішпейміз» деп ат‑тонын ала қашқан. Содан бұл жоба аяқсыз қалған.

Руслан Кенжебеков Ақтоғай ауданының әкімі:

- Көлге қарай құбыр тартып, халықты ауыз сумен қамтамасыз етпек болдық, су сүзгіштері арқылы. Бірақ оған халық қарсы болды. Қазір мына жоба тартылған кезде, елдімекендерге қосылады ғой. Ол ешқандай далада жатқан жоқ. Сол жобамен су келе жатқан кезде елдімекендердегі құбырларға қосыла салады ғой. Ол тиісті жеңілдігін береді.

Биыл 600 тұрғыны бар Тораңғылық ауылы Ақтоғай ауданынан Балқаш қаласының құрамына өтпек. Сондықтан қаладан ауылға су тарту мәселесімен Балқаш қаласы әкімдігі айналысып жатыр екен. Су құбыры мен кәріз жүйесін тарту бойынша ірі жобаға шамамен 14 миллард теңге жұмсау жоспарланыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.