{metadescription}
Астанада LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды
Астанада LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Астанада LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Астанада да жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік LRT бағанына соғылды. Күл-паршасы шыққан темір тұлпардың жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. 

Апат таңғы сағат алты шамасында болған. Жол апаты қарама-қарсы беттегі көліктің бақылау камерасына жазылып қалыпты. Автомобильді тізгіндеген 43 жастағы азамат Сығанақ көшесімен келе жатып, «Арыс» көпіріне жете бергенде, тізгініне ие бола алмаған. Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Эльмира Шәуленова Астана ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- 29 маусымда Сығанақ көшесі мен Қалдаяқов көшесіне қарай жүріп келе жатқан Шевроле маркалы автокөліктің жүргізушісі «Арыс» көпірінде тізгінді басқара алмай, бетон тірегіне соғылған. 43 жастағы жүргізуші көптеген жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.