{metadescription}
Аятжан Әмірхан Мексикадан әлем чемпионы атанып келді  — тхэквондо
Аятжан Әмірхан Мексикадан әлем чемпионы атанып келді  — тхэквондо

Аятжан Әмірхан Мексикадан әлем чемпионы атанып келді — тхэквондо

Мексикада тхэквандодан өткен әлем біріншілігінде қазақ спортшысы топ жарды. Астаналық 11 жасар Аятжан Әмірхан жарыстың алдын бермей, әлем чемпионы атанып келді. 

Додаға 20-дан астам елден 500-дей спортшы қатысқан. Бүгін бәрін шаң қаптырған жеңімпаз бен оның жаттықтырушылары Астанада жақындарымен қауышып, құттықтаулар алды.

Ұлттық құраманың бапкерлері тахэквонданың соңғы 10 жылда дамудың жаңа деңгейіне көтерілгенін айтып отыр. Ал Аятжан Әмірханның қатарластарынан оза шауып, үздік өнер көрсетуіне жақында алған жарақаты да әсер етпепті. Бұның басты себебі баланың әуелі психологиялық дайындығының жақсы болуында дейді жеке бапкері.

Динара Қабдолова, бапкер:

- Аятжан Қазақстанның соңғы чемпионатында жарақат алған еді. Аяғын көтере алмады. Аяғы ауырмасын деп көп жаттықтырдық. Бірақ қиын болды. Себебі, біздің спортта аяқ сермеледі.  Соған барынша тырыстық. Жақсы шықты  деп ойлаймын.

Аятжан Әмірхан жарыс жеңімпазы:

- Бірінші бойда мексикалықпен шықтым, өте қиын болды. Себебі, трибунадағы жанкүйерлер оны көптеп қолдады. Олардың жігеріне жақсы қолдау көрсетілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде