{metadescription}
Ерлан Қошанов: Министрлер депутат сауалына жауапты сағызша созады
Ерлан Қошанов: Министрлер депутат сауалына жауапты сағызша созады

Ерлан Қошанов: Министрлер депутат сауалына жауапты сағызша созады

Сынға берілетіні сырғытпа жауап қана! Жазғы каникулға шығар алдында Мәжіліс спикері Үкіметке осындай ескертпе жасады. Тіпті депутаттардың халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатқан министрлер көп дейді Ерлан Қошанов.

Сенаторлар мен тек үш айдай жұмыс істеген мәжілісмендер қыркүйек айына дейін демалысқа кетті. Кім қайда барады, қайда демалады?

Сенаторлардың да, мәжілісмендердің де бүгін көңілі көтеріңкі. Жазғы демалысқа кетер алдында парламенттің соңғы отырысына келген олар құшақтасып, қауқылдасып, естелік фотоға түсуде. Демалыс алдындағы соңғы отырыста Мәжіліс төрағасы Үкіметке ренішін жасырмады. «Депут сауалына жауапты сағызша созатын министрлер тым көп», - дейді Ерлан Қошанов. Төрағаны әріптестері де қолдап отыр.

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Көбіне Скляр мырзаға жіберілген сауалдарға жалтарма жауап беріліп жатады. Былай қарап тұрсаң, депутаттар сырғыртпа жауап берудің алуан тәсілін меңгеріп алған. Бірақ бізге қажеті халыққа,, маңыздысы нақты жауап.

Нартай Аралбайұлы, Мәжіліс депутаты:

- Бес депуттаттық сауал жолдадым. Үшеуінің жауабы келді. Үшеуіне де қанағаттанбаймын деген баға қойдым, мына жерде. Баға қою режимі бар екен.

Бұл жолғы Парламент Қазақстан тарихындағы ең көп партиялы. Мәжіліске алғаш рет 6 саяси партия кірді. Сайлауалды науқанда өзара бақталас болған депутаттар қазір дос. Өйткені "илегеніміз бір терінің пұшпағы" деген ұстанымда. 

Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:

- Бақталастық жоқ қазір. Басында, сайлау  алдында өте көп болды. Мен шынымен осында қырғын бір соғыс болатын шығар деп ойладым. Анау «Аманаттың», мынау «Республиканың» заңнамасы деп. Бірақ әріптестерімізге түсіндірген кезде «мынау елімізге керек» деген кезде, қарсы шығатын депутат жоқ. Қай партиядан болса да.

Тындырылмаған тірліктің көп екенін бірінен кейін бірі жарыса айтқан депутаттар ертеңнен бастап өңірлерді аралауға шығады. Тек одан кейін ғана демалыс қамына кіріспекші. Онда да көбі елде қалып тынығуды құп көреді екен.

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:

- Менің балашағам кішкентай. Сол үшін Балқашқа, Алакөлге барып демаламыз. Сол үшін басқа демалыс оларға қызық емес. Шомылып, көлге барып.

Ринат Зайытов, Мәжіліс депутаты:

- Екі ай бойы болғанда, бір ай нақты боламын. Одан кейін басқа да жұмыстарым бар. Отбасымды осында көшіріп алайын. Мен Қазақастаннан шықпаймын ғой, айналайынау. Бір әулеттің шетелге барып келуіне кемінде екіүш миллион керек.

Мәжіліс пен сенат ғимараты ертеңнен бастап бос. Оқушылармен бірге қыркүйекте жұмысына кірісетін депутаттар 306 депут сауалын жолдаған. Оның тең жартысына берілген жауапқа олар қанағаттанбапты. Ал жалпы қарауда 82 заң жобасы болған. Оның тек 25-і қабылданған. Ал Парламент жұмысына жүрдім-бардым қарап, дайындықсыз келген кей министрлерді депутаттар корпусы алдағы уақытта жазбаша емес, ауызша жауап беруге біртіндеп шақыруы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде