{metadescription}
Полиция департаментінде күдіктіні қинап өлтірді деп айыпталғандар сотталды
Полиция департаментінде күдіктіні қинап өлтірді деп айыпталғандар сотталды

Полиция департаментінде күдіктіні қинап өлтірді деп айыпталғандар сотталды

Шымкенттегі полиция департаментінде күдіктіні қинап өлтірді деп айыпталған төрт тәртіп сақшысына үкім оқылды. Оларға «Билікті асыра пайдалану» және «азаптау» бабымен айып тағылып, іс қозғалған. Бүгін судья сотталушы орындығындағы Уәлихан Жәнібеков, Дәулет Әймешов, Дінмұхамед Исаев пен жедел уәкіл Әлішер Өткіровке 2 және 7 жарым жыл арасында жаза кесті.

Жанында жедел уәкілі бар полковник пен екі подполковник қымбат көлік ұрлады деген қостанайлық екі күдіктіні 2021 жылдың желтоқсан айында полиция ғимаратына жеткізген. Қылмысын мойындату үшін қинап, ұрып-соққан көрінеді. Сол кезде күдіктінің бірі тергеушінің кабинетінде көз жұмған. Оның азаптаудан өлгенін туыстары мен жанындағы серігі Сергей Петров та айтқан болатын. Істі бір жыл қараған сот полицейлердің кінәлі екенін анықтады. Жедел уәкіл Әлішер Өткіров қана азаптау бабымен сотталса, билігін асыра пайдалану және азаптау бабымен шатылған полковник Уәлихан Жәнібеков пен қос подполковник Дәулет Әймешов және Дінмұхамед Исаев шендерінен айрылды. Бірақ экс-офицерлердің ешқайсысы үкіммен келіскен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде