Абай облысындағы білім ордаларын жемқорлық жайлаған
Абай облысындағы білім ордаларын жемқорлық жайлаған. Аймақтағы мектеп пен балабақша директорлары және есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталды. Қазір құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.06.2023
Мектеп пен балабақша басшылары бөтен адамдардың атына айлық аударып, ақшасын өз қалтасына басып отырған. Және ұстаздар мен тәрбиешілерге жалған сыйақы тағайындап, оны да өз қажетіне жаратқан. Осылайша бюджеттің 20 миллион теңгесі жымқырылғаны анықталды. Қазір төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Рүстем Тоқбергенов, Абай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Жарма ауданының бір балабақша директорына қатысты үкім шықты. Бірақ ол үікім күшіне енген жоқ. Ол кісіге қылмыстық жаза ретінде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ баласының болуына байланысты бұл жаза бес жылға кейінге қалдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!