Түркістанда жасыл желек жаппай қурап жатыр
Түркістан қаласындағы жасыл желек жаппай қурап жатыр. 900 мың түп тал-теректің 30 пайызы ауруға шалдыққан. Сол себепті жапырағы түскен ағаштар жартылай сарғайып кеткен. Ал қаланы көріктендіруге жауапты тұлғалар бұған жақын маңдағы кәсіпорындарды кінәлап отыр.
Автор: Бек Әбиев
30.06.2023
Ағаділ Қоңдыбаев, «Жасыл Түркістан» мекемесінің басшысы:
- Созақ ауданында атом өндірісі жұмыс істейді. Одан кейін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында да атом өнеркәсібі уран өндірумен айналысып жатыр. Өсімдіктерімізге айналадағы жер қойнауын пайдалану, басқа да нелерден осындай ауру, залал тигізіп жатыр.
«Кәсіпорындардың кесірінен экология күрт нашарлады» деген мамандар трипс деген құрттың пайда болғанын айтады. Үйеңкі, терек, қарағаш, пен шабдалы сияқты ағашқа түскен жәндік діңгекке кіріп сөлін сорады екен. Онымен күресу үшін агрономдар әр он күн сайын Түркістандағы 42 саябақ пен 26 гүлзарды дәрілеп жатыр. Осылайша өсімдіктерді залалсыздандырудың арқасында қалған ағаштарды аман сақтап қаламыз дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!