Алматыда Shymbulak Medeu camp балалар лагері ашылды.
Жазғы демалысқа таптырмас жер! Алматыда балаларға арналған Shymbulak Medeu camp лагері ашылды. Демалыс орны әйгілі Медеудің етегінде орналасқан.
Автор: Асқарбек Қазанғап
30.06.2023
Сананы сергітетін саф ауа. Сарқыраған өзен. Тұмса табиғат. Жазғы лагерь ә дегеннен кімді болсын елітіп әкетіп, өзіне баурайтындай. Ерекше дизанда тігілген 13 шатыр жеткіншектердің тұратын жері. Бір қызығы, бір апталық демалыс кезінде балалардың телефон, планшет ұстауына рұқсат жоқ. Жоба авторлары жеті күннің ішінде жеткіншектерді табиғатпен етене жақындатып, келешек экологияның сақшысы етудің дәнегін екпек.
Арнайы құрылған бағдарлама аясында балалар табиғат аясына саяхатқа шығады. Ұлттық мәдениетке қатысты тың ақпаратпен сана қоржынын толықтырып, суретшілік қабілетін дамытады. Жазғы лагерь бір уақытта 48 қонақты қабылдауға әзір. Бір апталық демалыс құны 180 мың теңге.
Ринат Абдрахманов, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының бас директоры:
- Біздің лагерь су, жер, ауа, от деген төрт тұжырымда құрылған. Табиғатқа деген балалардың қамқорлығын оятқымыз келеді. 814 жас аралығындағы оқушыны қабылдаймыз. Зоология, ботаника, астрономиямен жақынырақ таныса түседі. Сол арқылы балалардың табиғат туралы танымы кеңейеді деп сенеміз. Жоба аясында біздің курорт қарауындағы барлық жерді аралайды деп жоспарлап отырмыз. Тек Алматы емес, елдің кез келген бұрышынан бала қабылдауға дайынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!