{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі айыпталды
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі айыпталды

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі айыпталды

«Күйеуіңнің жазасын жеңілдетемін» деп судьяны сатып алмақ болған. Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне осындай айып тағып отыр. Жылмысқа әрекетке адвокатының да қатысы бар.

Экс-министрдің өзі екі апта бұрын ғана бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Әйелі мен адвокаты сол кесілген жазаны жеңілдетуді сұрап, сотқа пара ұсыныпты. Негізі Ғалия Ысқақованы мұндай әрекетке итермелеген Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев дейді антикор.

Тергеу мәліметінше, адвокат экс-министрдің жарынан қылмыстық жазаны жеңілдету мақсатында 460 мың доллар алған. Оның тек 255 мыңы тәркіленіпті. Қалған соманы қорғаушы өз қалауынша жұмсап үлгерген. Қазір адвокат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Ғалия Ысқақова «аса ірі көлемде пара беруге оқталу» бабымен күдікті болып танылып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Арман Тілеукенов, агенттіктің ресми өкілі:

- Пара беруге оқталған мәдениет және спорт эксминистрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүддесін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды. А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде