{metadescription}
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткен

Қамаудан босай сала, ізін суытқан. Алматыда ерлі-зайыптыларды оңдырмай сабап істі болған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кетіпті. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Бірақ мән-жайды ашып түсіндірген жоқ.

ҚР Қорғаныс министрлігі:

- 2023 жылғы 2 шілдеде Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатқан қатардағы жауынгер Б. қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткен.

Министрлік Нұрасыл Болатты іздеу басталғанын, сондай-ақ қызметтік тексеріс тағайындалғанын да хабарлады.

Әскери борышын өтеп жүрген Дәулет Тұрлыхановтың ұлы ақпан айында істі болған. Бөлімшеден шығып, бір күн Алматыда қыдырған сарбаз көшеде белгілі заңгер Анна Чернова мен күйеуі Олег Черновты оңдырмай тепкілеген еді. Депутаттың ұлының әлдебір қызды жұлқылап жатқанын көрген ерлі-зайыптылар араша түспек болған екен. Көп ұзамай, Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бір қызығы, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат жанжал болған күні әскери жарғыны бұзып, Алматыға қашып кеткен. Кейін бұйрыққа бағынбау немесе оны орындамағаны үшін гаупвахтада ұстау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Сол жақтан босаған бетінде Тұрлыхановтың ұлы қашып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде