{metadescription}
Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты үкімнің күші жойылды
Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты үкімнің күші жойылды

Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты үкімнің күші жойылды

Астана қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен оның сыбайластарына қатысты үкімнің күшін жойды. 31 наурызда сот белгілі бизнесменге сегіз жыл жаза кескен болатын.

Үкімнің күшін жоюына ресейлік "Газпром" компаниясымен арадағы газды сатып алу бағасы көрсетілген хаттама түпнұсқасының болмауы себеп екен. Оның тіпті болғаны да расталған жоқ. Ал «Қазтрансгаз» қызметкерлерінің хат-хабарларынан электронды көшірмесін сот алқасы құжаттың дұрыстығын дәлелдеу үшін жеткіліксіз деп тауыпты. Сондықтан сот алқасы "АзияГазЧунджа" компаниясы арқылы газ бағасын төмендетіп сатты деуге де, жалпы алаяқтық әрекетке барды деуге де дәлелдер жоқ деп шешкен. Сөйтіп алғашқы үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс апелляциялық сатыда қайта қаралмақ.

Астана соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы:

- Астана қаласы Сарыарқа ауданы №2 сотының 31 наурыздағы Тайыр Жанұзаққа, Қайрат Боранбаевқа, Роман Нахановке қатысты үкімінің күші жойылды. Осы қылмыстық істі бірінші сатыдағы сот ережесі бойынша апелляциялық тәртіпте қарау керек. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады. Сотталғандар мен оларды қорғаушылардың өтініші ішінара қанағаттандырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде