Ұн қымбаттады – 20 пайызға өсті
Елімізде ұн қымбаттады. Баға өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Қазір жоғары сұрып ұнның келісі 375 теңгеден сатылып жатыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.07.2023
Былтыр келісі 322 теңге болған. Ал бірінші сұрыпты бидай ұны - 210 теңгеден саудаланып, биыл 236 теңгеге дейін көтеріліпті. Ең қымбат өнім, астықты өңірдің бірі – Павлодар облысында. Ондағы жоғары сұрып ұнның келісі 42 пайызға шарықтап, дүкен сөрелеріндегі баға 445 теңгеге дейін жеткен. Астанадағы баға да осындай.
Одан кейін Атырау мен Ақтау қалалары. Мұнда ұн бағасы 425 теңгеден жоғары. Бір жыл ішінде Қызылорда облысында да 35 пайызға дейін өсіпті. Шымкентте, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Алматы облыстарында өсім 10 пайыз шамасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!