{metadescription}
Қостанай облысында егіс алқаптарын шегіртке отап жатыр
Қостанай облысында егіс алқаптарын шегіртке отап жатыр

Қостанай облысында егіс алқаптарын шегіртке отап жатыр

Қостанай облысыда егіс алқаптарын отаған шегіртке азаймай жатыр. Жергілікті шаруалар шегіртке қазірдің өзінде 10 мың гектар жерді жайпап кетті деп, көмек сұрап жатыр.

Әлеуметтік желіде мұндай бейнежазба көп. Онда алқапты улау жұмысы әлсіз екенін айтып ашынған шаруа, биыл өнімсіз қаламыз деп зар илеуде. Диқандардың жанайқайына ауыл шаруашылығы министрлігі бүгін үн қатты. Жауапты сала басшылары егістік алқабына барып, бұл ақпарды жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, шегіртке 500 гектардан аспайтын арпаны ғана отаған. Қазір алқаптарды улау жұмысы жүріп жатыр екен. Шегірткеге қарсы күресте 31 арнайы техника мен үш жеңіл ұшақ жұмылдырылған.

Қаныш Әлиев, Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а.:

- Кешегі баспасөз беттерінде тарап кеткен 10 мың гектарды шегіртке жеп қойды деген мәліметпен келіп отырмыз. Оның бәрі шындыққа жанаспайды. Біз осыны қарап, шегіртке тарағанын көріп отырмыз. Шегіртке бар екен рас. Біз оны уақтылы өңдеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде