{metadescription}
Туристік компанияға алдандардың бір бөлігі қажылығын жалғастыра бермекші
Туристік компанияға алдандардың бір бөлігі қажылығын жалғастыра бермекші

Туристік компанияға алдандардың бір бөлігі қажылығын жалғастыра бермекші

Туристік компанияға алданып, Сауд Арабиясында сан соғып қалған қазақстандықтардың бір бөлігі шектеуге қарамастан, қажылығын жалғастыруды ұйғарыпты. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, құжаттарға байланысты ұсталып полиция бөліміне түскен отандастарымыз сол учаскеден шыға сала, автобус жүргізушісін көндіріп кетіп қалған.

Бұл күндері олар қажылық жасап жатыр деген болжам ғана бар. Жалпы қазақстандық турагенттік Сауд Арабиясына парызын өтеуге 300-ден аса азаматты апарған. Олар туристік визамен қажылық жасамақ болған. Алайда сол елдің заңына сәйкес, туристік визамен қажылық жасауға рұқсат жоқ. Қазір олардың нақты санын анықтап іздеп-табу да мүмкін болмай отыр. Ал елшілікпен тікелей байланысқа шыққан қазақстандықтар жақын арада елге оралады.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Жалпы қазір біздің дипломаттармен байланыс орнатқан адам саны 100-ден астам адам. Олар жақында 5 шілде күні Қазақстанға оралады. Сол компанияның өкілі сол жерде, ешқайда қашып кеткен жоқ. Қажыға барған адамдарға көмектесіп жатыр. Біразы сол күндері полиция учаскесінен шыққаннан кейін ертесінде өз ақшасына билет алып, Қазақстанға қайтып келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.