Семей орманы резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшыларына іс қозғалды
Абай облысындағы алапат өрттен кейін Семей орманы резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура төтенше жағдайлар және экология министрліктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты да тергеу жүргізіп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
03.07.2023
15 адамның өмірін жалмаған орман өртіне қатысы бар деп айыпталған басшылар әзірге үйқамақта. Себебі, олардың жасы мен денсаулық жағдайы ескеріліпті. Қазір алапат өрттің шығуына себеп болған барлық нұсқа қарастырылуда. Яғни орманды қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану және қарағайларға найзағай түсті деген болжамдар тексеріліп жатыр. Ал күдікті деп танылған «Семей-Орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшыларына қатысты абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкелдірген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен іс қозғалған.
ҚР Бас прокуратурасы:
- Олардың әрекеттері 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сараланған. Яғни абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу. Сондай-ақ тексеру нәтижесімен төтенше жағдайлар министрлігі, экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне және әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!