{metadescription}
 «Рассвет», «Миллионерлер» жобасына қаражы құйғандар іздестірілуде – Қарағанды облысы
 «Рассвет», «Миллионерлер» жобасына қаражы құйғандар іздестірілуде – Қарағанды облысы

«Рассвет», «Миллионерлер» жобасына қаражы құйғандар іздестірілуде – Қарағанды облысы

Қарағанды облысында «Рассвет» және «Миллионерлер» жобасына қомақты қаражы құйып, құр алақан қалғандар іздестіріліп жатыр. Себебі осы жобаларды жүргізген әйел қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.

Бұл компанияға қатысушылар ел ішінде белгілі қара касса ойынының негізінде баюды көздепті. Салым көлемі 10 нан 100 мың теңгеге дейін. Ақша құйғандарға айына 400 пайызбен өтемақы беріледі делінген. Алғашында салымшылар шынымен де осы пайызды алып отырған. Бірінің ақшасын екіншісіне беріп, қанатын кеңге жайғандар кейін төлем жасауды тоқтатқан. Бірақ жарты жылда үш мың адамнан ақша жинап үлгеріпті. Бүгінге дейін салымшылар 23 миллион теңгені өз қолымен апарып берген көрінеді. Егер жәбірленушілер қатары көбейсе, қаражат көлемі де еселеп артуы ғажап емес дейді құзырлы орган өкілдері. 

Зарина Құсманова, Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы:

- Тергеу Қарағанды облысының тұрғыны бұл жобаларды 2022 жылдың маусым айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында жүргізгенін анықтады. Ол жұмысының жарнамасын Телеграм месенджері арқылы жасап, тұрғындарды аз уақытта пайдаға кенелетініне сендіріп отырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде