{metadescription}
Мәслихат депутаты көлігімен 8 сиырды таптап, екі баланы соғып өткен
Мәслихат депутаты көлігімен 8 сиырды таптап, екі баланы соғып өткен

Мәслихат депутаты көлігімен 8 сиырды таптап, екі баланы соғып өткен

Қарағанды облысында мәслихат депутаты жол апатына ұшырады. «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрайымы Анар Бозаева тізгіндеген көлік 8 сиырды таптап өтіп, оларды айдап бара жатқан екі баланы соққан.

Оқыс жағдай Бұқар жырау ауданындағы Тасшоқы аулында болған. Аудандық мәслихат депутаты 33 жастағы Анар Бозаеваның көлігі қандай жылдамдықпен жүргені белгісіз. Жүрісті елемей қалатындай ауыл жолы да тақтайдай емес. Бірақ көлік 8 сиырды таптап барып әрең тоқтапты. Арам қатқан ірі қара жол жиегінде шашылып қалған. Ал мотоциклде отырған 16 және 8 жастағы екі бала бірден ауруханаға жеткізілді. Соққыдан олардың миы шайқалғаны болмаса, қол аяғы аман.

Халық қалаулысы келтірген шығынды өтеп, балалардың ем-домына қарайласатынын айтқан. Жас болса да, ірі шаруа қожалығы мен дүкендер желісі бар екен. Ал партияның Қарағанды облысы филиалы Бозаева кәсіби маман дейді. Бұқар жырау ауданындағы екі жылдық қызметінде мін болмапты. Қазір полиция іс қозғап, сараптама тағайындаған. Партиядағылар соның қорытындысы бойынша шара қолданады.  

Бекзат Алтынбеков, Amanat партиясының Қарағанды облысы филиалының төрағасы:

- Видеоны көрдік, әрине, ойландыратын жағдай. Дегенмен де адамның амандығына не жасап отырмыз. Ар жақтағы болатын жағдайлардың бәрі заң аясында, партияның өз жарлығы аясында міндетті түрде шара қолданылады. Қазір зертханалық жұмыс та жүргізілед. Бозаеваның тізгінді қандай күйде басқарғаны анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде