Ақтөбеде ақшасы салынған үйдің құрылысы тоқтап қалған
Ақтөбеде баспанаға ақша құйып, құрылысы жүрмей қалған үй тұрғындары наразылық білдірді. Олардың алды үш жыл, кейінгісі бір жыл бұрын баспаналы болуға тиіс еді. Бірақ мердігер алаяқтық бабымен тергеліп жатыр. Әкімдіктегілер «басқа инвестор таптық» дегенімен, құрылыс сол күйі тоқтап тұр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.07.2023
Алдыңғы мердігердің былықтарына сот нүкте қоймайынша, құрылыс жалғаспайды. Сондықтан шенеуніктер алданғандардың бәрін полицияға арыз жазуға шақырып отыр.
Үлескерлердің үмітпен күтіп жүрген үй. Құрылысы сағызша созылған баспананың алтыншы қабаты заңсыз салынғаны анықталған. Сондықтан әкімдік оны сүріп тастауды талап етуде. Алайда алтыншы қабаттағы пәтерлерге қаржы құйған 20 салымшы баспанасық қалғалы тұр. Ал ел ақшасын салса да төртінші корпустың іргетасы да қаланбапты.
Қамарсұлу Жанұзақова, үлескер:
- Үй де салынған жоқ, ақшамызды да беріп жатқан жоқ. Кімнен сұрайтынымызды білмейміз. Былтырдан бері жиналыс, әкімдікке де , үнемі орындаушылар ауысыды. Орындаушыларға осы бір әңгімені айта береміз, айта береміз. Сонда бізге әлі бір түйіндеп, іс әрекет шығарып берген ешкім жоқ.
Шенеуніктердің мәліметінше, бұл корпусқа мердігер жұрттан жарты миллиард теңге жинап алыпты. Ол ақшаның қайда кеткенін тергеу анықтаа жатыр. Бірақ полцияға әзірге он-ақ адам арыз жазған. Әкімдіктігелер алданған салымшылар тездетіп құзырлы органдарға шағым түсіруі тиіс дейді.
Нағымжан Алдияров, Ақтобе облысы сәулет құрылыс басқармасының басшысы:
- Сафина бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өкініштісі, алданғандардың бәрі арыз жазғған жоқ. Экономикалық және құрыс саласындағы сарапшы қорытындысын шығаруы керек. Іс қозғалып, жалпы келген шығын анықталуы қажет. Содан кейін сот шешім шығарады.
Ал құрылысқа 240 адам қаражат құйған. Осылардың бәрі бірауыздан арыз жазып, шығын көлемі нақтыланса, бірінші мердігердің ісі біржақты болады. Сонда ғана әкімдік тапқан екінші инвестор іске кірісе алады екен. Бірақ бұл инвестордың өзі тұрғындармен кездесіп, жұмысты бастаймын деген желеумен тағы 58 миллион теңге жинап үлгерген. Шенеуніктер тұрғындардан заңды түрде іске кіріспеген компанияға ақша бермеуді сұрап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!