{metadescription}
МАЭК-те күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржы жетіспеген
МАЭК-те күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржы жетіспеген

МАЭК-те күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржы жетіспеген

МАЭК-тегі күрделі жағдай бүгін Үкімет отырысында қаралды. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген әрі қаржыландыру жеткіліксіз болған дейді энергетика министрі. Мардымсыз айлыққа байланысты мұнда білікті маман ұстау да үлкен проблема.  

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Біз жағдайдың күрделі екенін білдік. Компания қызметкерлері ғана емес, облыс әкімдігі, мемлекеттік энергетикалық қадағалау қызметкерлері де бұл жағдайды түсінді. Дәл осы жағдайды жоюға әкімдік 4,9 млрд. теңге көлемінде қаражат сұрады. Премьерминистрдің қысқа дайындық туралы шұғыл кеңесі өтті, онда осы ақша бөлу туралы шешім қабылданды. Биыл бұл кәсіпорынға 3,1 млрд. теңге қарастырылған. Бұл апат энергетикалық кәсіпорынның ұзақ уақыт қаржыландырылмауының салдары.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін анықтауға арнайы мемлекеттік комиссия құрылған. Кінәлілер жауапсыз қалмайды деді Үкімет басшысы. Ал энергия тапшылығынан Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жұмысы тоқтағанымен, жанармай тапшылығы болмайды. Қолдағы қор бүкіл республикаға жетеді деп сендірді Әлихан Смайылов. Қазір жағдай толық бақылауда, зауыт жұмысы қалпына келтіріліп жатыр.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Ешқандай да жанаржағармай тапшы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде