{metadescription}
Жайықта екі катер соғылып, бірнеше адам зардап шекті
Жайықта екі катер соғылып, бірнеше адам зардап шекті

Жайықта екі катер соғылып, бірнеше адам зардап шекті

Атыраудағы Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Су бетіне саяхаттауға шыққан жеті адам дереу ауруханаға жеткізілген. Оның төртеуі – бала. Әсересе алты жастағы бүлдіршіннің жағдайы ауыр. 

Алмагүл Әбілова, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыстық балалар ауруханасына төрт бала жеткізілген. Оның біреуі үйіне қайтарылды, жағдайы қалпты болуына байланысты. Қалған үшеуі қазір облыстық балалр ауруханасында. Екеуі жарақат бөлімінде. 2017 жылғы баланың қазіргі жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Алған жарақаты көп. Басы жарақаттанған, комада жатыр. Таңғы сағат бесте ота жасалды. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы өте ауыр.

Оқыс оқиға кеше кешкісін болған. Қарама-қарсы жүзіп келе жатқан шағын кеме мен моторлы қайықтың соғылғанын жағалаудағы демалушы кездейсоқ түсіріп алған. Су бетінде серуендеуге арналған катерде 25 жолаушы, ал моторлы қайықта 10 адам болған екен. Жайыққа сыймаған қайықтардың қайсысы ереже бұзғаны әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін қазір құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті. 

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

- Екі қайық та адамдарды серуендететін қайықтар. Қазір олардың құжаттары тексерілуде. Қазір аталған дерекпен ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.