{metadescription}
Қашып кеткен Д. Тұрлыхановтың ұлы қалай табылды
Қашып кеткен Д. Тұрлыхановтың ұлы қалай табылды

Қашып кеткен Д. Тұрлыхановтың ұлы қалай табылды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы табылып, әскери бөлімге жеткізілді. Қорғаныс министрлігі таратқан бір ауыз хабарлама осы ғана. Ал әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың қайдан табылғаны, кім әкелгені сол күйі айтылған жоқ.

Депутаттың баласы да, оның қашуына жол берген әскерилер де жазасыз қалмайды деп отыр министр Руслан Жақсылықов. 

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бұл тәртіптік әрекет, ол тәртіптік жарғыға сәйкес жазаға тартылады. Қалғанының барлығын қылмыстық тергеу органы қабылдайды. Әскери тергеу органының шешіміне сәйкес, ол қолбасшылықтың бақылауында болған және өз еркімен әскери бөлімнен кетіп қалған. Әскер – жас қылмыскерлерді ұстайтын колония емес. Біздің қызметіміз мүлдем басқа. Бұл тәрбиеден кеткен олқылық, түсінесіз бе?! Бұған дейін де бірнеше рет айтып жүрмін. Ең бірінші кезекте тәрбие болуы керек.

Қазір бұл іс бойынша қызмет тексерісі жүріп жатыр деді министр. Мәжілісмен Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың өзі қызмет етіп жатқан бөлімнен қашып кеткені кеше белгілі болған. Сарбаз гауптвахтадан шыға сала із суытқан. Арты үлкен шуға ұласқан соң, туыстары мәжбүрлеп әкелген сыңайлы. Ал негізі дау ақпан айында басталған. Сол кезде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Нұрасыл Болат көшеде ерлі-зайыпты заңгерлерді оңдырмай сабаған. Әскери жарғыны бұзып, Алматыда жанжалға қатысқан қатардағы жауынгер «Бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр. Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан таяқ жеп, түрлі жарақат алған Олег Чернов пен оның жұбайы Анна Чернова моральдық шығын ретінде 25 миллион теңге де сұраған. Олар ақша алған күннің өзінде айыпталушы тараппен татуласпаймыз, кімнің баласы болса да, заң алдында жауап берсін деген ұстанымда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.