{metadescription}
ДСМ емшілер мен әулие-әмбиелерді  заңдастырғалы отыр
ДСМ емшілер мен әулие-әмбиелерді  заңдастырғалы отыр

ДСМ емшілер мен әулие-әмбиелерді заңдастырғалы отыр

Емшілердің дәрежесі дәстүрлі медицина қызметкерлерімен теңестіріледі. Дертті дәрісіз емдейтіндердің қызметі заңдастырылады. Қоғамдық талқыға шыққан құжатта емші, апитерапевт, гирудотерапевт деген жаңа терминдер пайда болған. Ақпарды ести сала, кәсіби дәрігерлер наразылық петициясын жариялап үлгерді.

Қазірдің өзінде 4 мыңға жуық маман петицияға қол қойып үлгерген. Ал заңды дайындаған денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Болашақты болжау, сынған сүйекті отасыз салу, жол ашу. Бұл Астана жұртшылығы арасында танымал көріпкел-емші һәм сынықшы Жеті Хазіреттің күнделікті тірлігі. Аллаға салауат айта отырып, ол күнде зікір салады, қамшымен жын шығарады. Дертіне шипа таппай қиналғандар әдетте осы үйді жағалайды. Өзін әулиемін деп санайтын Хазірет тіпті елімізде саяси науқан қызған шақта Мәжіліске дәмелі талай адамға дем салдым деп отыр. Түнеген кандидаттар да болыпты.

Жеті Хазірет, емші:

- Адамның шығып кеткен тобығын алатын болсақ, сипап, ауыртпай, дем саламын. Ішімнен Құран сүрелерін оқып, Алладан тілеп, барлығы бір Алланың қолында. Алла күшқуат береді, бізге энергия келеді. Күш-қуат келгенде сүйектері өздімен жиналып, салынып кетеді, бір 10-15 минутта.

Дегенмен ем салудың орнына қалтаға қол салып жүргендер көп. Не сертификаты, не дипломы жоқ олар талай жанның тағдырына балта шапқан. Мәселен, Маңғыстау облысында қолы сынған баланы ата-анасы хирургке апарудың орнына, сынықшыға әкеледі. Салған қолы бірнеше күнде қарайып, соңында кесіп тастауға тура келген. Жіпке тізсең, мұндай мысал өте көп.  Ал бірнеше күн бұрын еліміздің кәсіби дәрігерлері бас көтеріп, арнайы петиция жариялады. Олар емшілер мен әулие-әмбиелерді медициналық қауымдастықтың толыққанды мүшесі қылуға қарсы.

Рафаил Розенсон, дәрігер:

- Біз бұл құжаттың қабылдануына қарсымыз. Дәрігер болу үшін қанша уақытымызды сарп еттік. Кемі 7 жыл жоғарғы оқу орнында оқыдық. Жауапкершілікті мойнымызға алып, арнайы Гиппократ антын қабылдадық. Ал мұндай түрлі бақсыбалгер, емшілерге біз ерік беріп, құқықтық мәртебесін көтерсек, онда ауруын емдеймін деп барып, мүгедек болғандардың саны күрт артады.

Қызметкерлерінің уәжіне денсаулық сақтау министрлігі үн қатты. Қазір жауапты сала мамандары емшілер мен әулие-әмбиелерді бір ретке келтіру үшін арнайы құжат әзірлеуде. Оған сәйкес, апитерапия яғни арамен емдейтіндер, гирудотерапия сүлік салатындар, емшілер мен сынықшыларды заңдастырмақшы. Барлығын емес, тек аттестациядан өткендерін ғана. Сонда ғана заң алдында олар жауап бере алады екен.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Біз дәрігерлер мен емшілерді теңестіруді мақсат етіп отырған жоқпыз. Қайта, сүзгіден өткізуді жоспарлап отырмыз. Қоғамда емшілер, сүлікпен емдейтін орталықтар, хиджама жасайтындар қаптап кетті. Тез арада оларды тексерістен өткізіп, бір ретке келтірмесек, арты жаман болады.

Қазір елімізде ресми тіркелген 3700 емші балгер-бақсы бар екен. Екі мыңнан астам сайт бар. Ал тіркелмегені қаншама. Осы ретте дертті дәрісіз жазамын деп білек сыбана кірісіп отырғандардың бәрн тіркеу мақсатымыз емес дейді денсаулық сақтау министрлігі. Құжат әлі қос тараптың қатысуымен алда екі рет талқыланып, қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде