{metadescription}
Егіс алқаптарына жіберілетін судың жартысы ысырап болып жатыр
Егіс алқаптарына жіберілетін судың жартысы ысырап болып жатыр

Егіс алқаптарына жіберілетін судың жартысы ысырап болып жатыр

Егіс алқаптарына жіберілетін судың жартысы ескірген каналдарда ысырап болып жатыр. Бүгін Үкімет басшысы бұл мәселені шұғыл шешу керек деді. 

Суармалы жердің көп бөлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде орналасқан. Су тапшылығының зардабын олар жыл сайын тартып келеді. Өйткені Арал-Сырдария және Шу-Талас бассейндері негізінен көрші елдерден келетін ағын суға тәуелді. Ғылыми болжамдарға сәйкес, судың көлемі алдағы уақытта да азая бермек. 2040 жылға қарай су тапшылығы жылына шамамен 15 текше километрді құрауы мүмкін. Көрші елдерден жырымдалып келген судың өзі біздегі тиісті инфрақұрылымның ескіргенінен немесе мүлдем жоқтығынан ысырап болып жатыр. Жұмысты ұйымдастыру мәселесіндегі кемшіліктер де су саласындағы негізгі проблема болып отыр дейді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Бұл жерде, бірінші кезекте, өзімізде бар су қорын үнемдеп, тиімді пайдалану мәселесін бір жүйеге келтіру қажет. Елімізде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Алайда сол судың жартысына жуығы техникалық жағдайы әбден ескірген каналдардан егістікке жеткенше құмға сіңіп, ысырап болуда. Бұл  үлкен шығын. Мысалы, Түркістан облысындағы К-30 каналының техникалық жағдайы бәріне белгілі. 12 жылдан асты, күрделі жөндеу жұмысы сонда да аяқталмай келеді. Қызылорда облысының егіншілері тәуелді болып отырған Сол жағалаудағы магистраль канал бойынша да жағдай осындай. Мұндай мысалдар елдің оңтүстік аймақтарында өте көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде