{metadescription}
Алматылық құтқарушылар: Тозған техника, ескірген құрал-жабдық, аз жалақы
Алматылық құтқарушылар: Тозған техника, ескірген құрал-жабдық, аз жалақы

Алматылық құтқарушылар: Тозған техника, ескірген құрал-жабдық, аз жалақы

«Өрт сөндірушілердің де шекесі қызып жүрген жоқ»! Алматылық құтқарушылар бүгін депутаттарға тозған техника, ескірген құрал-жабдық пен жалақы жырын айтып шағымданды. 

Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері құзіреттерінің біршама қысқарып қалғанына да наразы. Соның бірі – құрылысқа берілетін рұқсат. Құрылысты бастауға, кейін қабылдап алуға жауаптылардың қатарында біз де болуымыз керек дейді өрт сөндірушілер. Себебі, салынып жатқан үйлердің дені апаттың алдын алу шараларына, жалпы қарапайым ғана өрт қауіпсіздігіне жауап бере алмайды. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Азат Перуашев та қолдап отыр. Мәселені ол Парламент қабырғасында көтеруге уәде берді.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- 2014 жылдан бастап төтенше жағдай қызметінен жер бөлу мәселесін тартып алды. Алматы қаласында бірталай қауіпті жерде үйлер салуда. Бұл проблеманы білетін, бұл проблемамен айналысатын құзыретті органдардың қолынан тартып алғаны, меніңше, ол қате болды. Азаматтардың қауіпсіздігі болуы қажет. Сол үшін осы құзыретті осы органдардын қолына қайтаруымыз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде