{metadescription}
Балқашта қоқыс шығаруға миллиондап ақы төлеп жатыр
Балқашта қоқыс шығаруға миллиондап ақы төлеп жатыр

Балқашта қоқыс шығаруға миллиондап ақы төлеп жатыр

Балқаш қаласындағы кәсіпкерлер қоқыс шығаруға миллиондап ақы төлеуге мәжбүр. Шағын шаһардағы жалғыз монополист тариф құнын қымбаттатып, қалтамызды қағып жатыр дейді бизнес өкілдері. Алайда жергілікті билік қоқыс шығару құнын арнайы мамандар есептеп шығарған деп ақталды. 

Қарлығаш Жалмағанбетова, кәсіпкер:

- «Балхаш универсал» қойған тариф біздің іс жүзінде шығарытын қоқысымыздан бірнеше есе артық. Былтыр біз ол компниямен келісімшартқа отырған жоқпыз, бірақ олар бізді сот арқылы келісімшартқа отыруға мәжбүрледі. Ақырында 2022 жылы менің дүкенімнен қоқыс шығарған  үшін 1 миллион 700 мың теңге төлетті. Бұл орташа есепен айына 170 мың теңге.

Қызмет көрсетуші компания келісімшартқа отырмаған заңды тұлғаларды осылай жазалап жатыр. Өйткені кәсіпкерлердің дүкені немесе мейрамханаларынан қоқыс шығаруға осынша ақы алуға заң талаптары мүмкіндік береді екен. Ал келісімшартқа отырғандар бұдан анағұрлым аз төлейді. Алайда олардың өзі Балқаштағы қоқыс шығару тарифі дұрыс есептелмеген дейді. Себебі, әркім шығарған қоқыс көлеміне қарай ақы төлеуі тиіс деген пікірде. Осындай арыз шағымдарын кәсіпкерлер прокуратураға да жазған. Жергілікті биліктегілер қоқыс шығару тарифін осы салада қызмет көрсететін компания есептеп шығарғанын айтады. Тариф қала маслихатында дауысқа түсіп бекітіліпті. Дегенмен әкімдіктегілер кейінгі кездері арыз-шағымның көбеюінен тариф мәселесін тағы қарауға дайынбыз дейді.

Әнуар Самиев, Балқаш ТКШ бөлімінің басшысы:

- Бұл мәселеге прокуратура да араласып жатыр. Бізге хат жолдады. Енді тариф есептеуде заңдылықтардың сақталуы жіті тексеріледі. Шикілігі анықталса, тариф қайта қаралуы мүмкін. Ал заң шеңберінде болса, оларға артар кінәміз жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде