{metadescription}
КТК арнасының жүргізушісі Светлана Булатова «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын алды
КТК арнасының жүргізушісі Светлана Булатова «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын алды

КТК арнасының жүргізушісі Светлана Булатова «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын алды

КТК үздіктер қатарында. Арнамыздың орыс тілдегі  жаңалықтарының жүргізушісі Светлана Булатова «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығының «Үздік тележүргізуші» аталымында топ жарды.

Биыл жетінші рет өткізіліп отырған додаға тележурналистерден 300-ге жуық өтініш келіп түскен. Ең көбі «Үздік тележүргізуші» номинациясы бойынша қабылданыпты.

Әріптесіміз Светлана Булатова ең көп дауыс жинаған. 23 жылдан бері КТК арнасында қызмет істейтін Светлана елімізге радиожүргізуші ретінде де танымал. "Қазақ телевизиясы үшін осы мерейлі жылы жеңімпаздар қатарында болғаным екі есе қуаныш сыйлады" дейді ол.

Светлана Булатова, тележүргізуші:

- Бірінші кезекте ақпараттық топтың елеулі еңбегін атап өткім келеді. Жаңалықтарымызды дүйім ел сүйіп көретінін бүгінгі рейтинг пен қаралымнан анық анғаруға болады. Кадрдағы және кадр сыртындағы әріптестерім өз жұмысын құлшыныспен істейді, редакцияға шағымданған жандарға қол созады. Солардың арқасында көш басындамыз. Қазақ телевизиясының 65 жылдығында марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде