{metadescription}
Атырауда электр энергия тапшылығынан саудагерлер шығынға батқан
Атырауда электр энергия тапшылығынан саудагерлер шығынға батқан

Атырауда электр энергия тапшылығынан саудагерлер шығынға батқан

Атыраудағы электр энергиясының тапшылығы базар саудагерлерін қып-қызыл шығынға батырды. Жаз мезгілінде жарықтың болмауынан кәсіпкерлердің ет, сүт, балық сияқты тауарлары бұзылып кеткен. Енді «Сарайшық» әлеуметтік базарының сатушылары әкімдіктен электр жарығымен үздіксіз қамтамасыз етуді талап етуде.

Айман Қоңырбаева, саудагер:

- Бүкіл кәсіпкерлер көтерілді. Азықтүлігі бұзылып кеткен. Бәленбай ақшаға алған. Қазір базарда 10-20 пайыз. Сауда жоқ, жаздың кезі. Балық бөлімі, балықтарымыз шыбынға жем болды. Тар бөлме. Ауа жоқ. Үш-төрт жыл болды.

Бұл базарда баға әлдеқайда арзан. Өйткені коммуналдық нысан болғандықтан, ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. МАЭК-тегі болған апаттан бұл сауда нысаны да жарықсыз қалған. Соның салдарынан ыстықта тауарларымыз бүлінді дейді сатушылар. Әкімдікке қарасты сауда орнындағы кәсіпкерлер мұндай жағдайдың жиі қайталанатынын айтады. Ет, сүт, балық өнімдерінің жеуге жарамсыз болып қалғанын базар әкімшілігі де мойындап отыр.

Клара Ермекқызы, «Сарайшық» коммуналдық базарының әкімшісі:

- Ет те, басқасы да бұзылады. Күн ыстық. Сондай жағдай. Мұндай сирек болып тұрады. Біз алдымен жалақы алмасақ та, ай сайын «Атырау жарықтың» ақшасын уақтылы төлеп тұрамыз. Сондықтан қолымыздан келгенше жұмыс істеп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде