{metadescription}
Қостанайда жер қазу жұмысы кезінде адамның сүйегі табылды
Қостанайда жер қазу жұмысы кезінде адамның сүйегі табылды

Қостанайда жер қазу жұмысы кезінде адамның сүйегі табылды

Қостанай қаласының қақ ортасында тағы бір адамның сүйегі табылды. Құбырларды ауыстырып жатқан коммуналдық мекеме қызметкерлері жерді қазған кезде осымен үшінші мәйіттің үстінен түскен. Қазір полиция марқұмдардың жеке басын анықтауға кірісті.

Жұмысшылар кеше екі адамның денесін аршып алған еді. Соған қарамастан жөндеу жұмыстарын жалғастыра берген. Бүгінгі үшінші адамның қаңқасы табылғанда жұмысты тоқтатуға тура келген.  Коммуналдық қызметтің өкілдері ең алдымен жердің астынан киімдерді көріпті. Одан ары қаза бастағанда топырақтың арасынан өлген адамдардың сүйектері шыға бастаған. Қорқынышты көріністен кейін абдырап қалған жұмысшылар дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы бас, жамбас сүйектері мен қабырғаларды зертханаға жіберді. Адамдардың қаңқасы кімге тиесілі екені және оның қанша уақыттан бері көмулі жатқаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Осы жайттан кейін жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Жасын Сардаров, Қостанай ПБ аға тергеушісі:

- Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Өлген адамдардың жеке басын анықтау оңай болмайды. Сараптама кемі бір ай жасалады. Киімдерге қарасақ, мәйіттер ер адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Біз ізтүссіз кеткендердің тізімін қараймыз. Марқұмдардың арасында жоғалып кеткен жандар болса, оны да анықтауға тырысамыз. Бірақ сараптаманың қорытындысын күту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.